Уақытша бос орын туралы » "Айшуақ" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Айшуақ" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(+772637)37-3-50
+77762073923
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2023

Уақытша бос орын туралы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айшуақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінің бос тұрған уақытша музыка жетекші лауазымына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айшуақ» бөбекжай-бақшасының бос тұрған музыка жетекші лауазымына (уақытша бос тұрған декреттегі қызметкердің орнына 0,5 бірлік) конкурс жариялайды. Көкбастау ауылы, Құрманбаев көшесі №57, анықтама үшін телефоны 8(726 37) 37350 Мектепке дейінгі мекеменің атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айшуақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы, Құрманбаев көшесі № 57 Электрондық поштасы: ds.aishuak@yandex.kz. Пошталық индексі: 080109 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыка жетекшісінің лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады; музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді; балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді; педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады; балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді; ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; педагогикалық этиканың нормалары; балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл. 17. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құруы, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен қолдану; МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу; ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымдарының ішіндегі іс-шараларға қатысу; 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу; баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістерін үйрету; кәсіби конкурстардың қатысушысы болу; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: балалардың музыкалық дамуының өзіндік әдістері бар; республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық әлеуметтік желілердің ресми ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды Көкбастау ауылы, Құрманбаев көшесі №57 үйде орналасқан «Айшуақ» бөбекжай-бақшасына өткізеді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде, ұйымға қолма-қол немесе электоронды пошта арқылы ұсынады. Құжаттар: 1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі материалдарды ұсынуға құқылы. Конкурс І кезеңде өткізіледі: конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау; Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты 119 000 (мың) теңге Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру,ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы. Конкурстың өтетін күні: 11.12.2023 жылы, сағат 15:00 Конкурстың өтетін орны: Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы «Айшуақ» бөбекжай-бақшасы, Құрманбаев көшесі №57 Электрондық пошта: ds.aishuak@yandex.kz

 

Похожие публикации:

16 қараша 2023 Бос орын туралы
14 желтоқсан 2022 Құттықтау
31 қаңтар 2023 Хабарландыру
30 қыркүйек 2019 Марапат