Консультациялық пункт » "Айшуақ" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Айшуақ" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(+772637)37-3-50
+77762073923
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Консультациялық пункт
"Баланы мектепке қалай дайындау керек?" кеңес
13
мамыр
2026
"Баланы мектепке қалай дайындау керек?" кеңес
Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына «Баланы мектепке қалай дайындау керек?» тақырыбында онлайн кеңес берілді. Кеңес барысында баланың күн тәртібін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету, сөйлеу қабілетін дамыту, оқуға қызығушылығын арттыру, денсаулығына көңіл бөлу және психологиялық қолдау көрсету жолдары түсіндірілді. Ата-аналарға баланы мектепке дайындау кезінде мейірім танытып, оның өзіне деген сенімін арттыру қажеттігі айтылды.  
"Табиғатты аялайық" балалармен серуенде еңбек
15
сәуір
2026
"Табиғатты аялайық" балалармен серуенде еңбек
Мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауға, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу және қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында балалармен табиғатты қорғаудың маңызы туралы әңгіме жүргізілді. Тәрбиеленушілер балабақша ауласындағы қоқыстарды жинап, ағаштар мен гүлдердің түбін қопсыту, өсімдіктерге су құю, аумақты ретке келтіру жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар балаларға суды үнемдеу, қоқысты арнайы орынға тастау,
"Әжелер мектебі" қатысуымен тәрбиеленушілермен  жұмыс
18
наурыз
2026
"Әжелер мектебі" қатысуымен тәрбиеленушілермен жұмыс
Бөбекжай-бақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен «Жүннен жасалған ұлттық бұйымдар» тақырыбында тәрбиелік іс-әрекет өткізілді. Мақсаты – тәрбиеленушілерді халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен және қолөнерімен таныстыру, жүннен бұйым жасау тәсілдерін көрсету, балалардың шығармашылық қабілеті мен ұсақ қол моторикасын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесу барысында әжелер балаларға қой жүнінің қалай алынатыны,
Ұлттық аспаптармен таныстыру
11
наурыз
2026
Ұлттық аспаптармен таныстыру
Бөбекжай-бақшада тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтармен таныстыру және қазақ халқының музыкалық мұрасына қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлттық аспаптар – халық мұрасы» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді. Мақсаты – балаларға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы түсінік беру, олардың атауы мен ерекшеліктерін таныстыру, ұлттық өнерді құрметтеуге және мәдени мұраны бағалауға тәрбиелеу.      
"Ұлттық құндылықтар тәрбиенің төресі"
05
наурыз
2026
"Ұлттық құндылықтар тәрбиенің төресі"
Ұлттық тәрбие – бала бойына туған елге, ана тіліне, салт-дәстүрге, үлкенге құрмет пен кішіге ізет сезімін сіңірудің негізі. Ұлттық құндылықтарды балаға отбасынан бастап үйрету – баршамызға ортақ міндет. Күнделікті тұрмыста балаңызға ұлттық құндылықтарды өз ісіңізбен көрсетіңіз. Үлкендерге сәлем беру, бата алу, дастарқан басында әдеп сақтау, туыстарды құрметтеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі – ұлттық тәрбиенің бастауы.        
"Баланы кітап қарауға және ертегілерді тыңдауға үйрету"
07
қаңтар
2026
"Баланы кітап қарауға және ертегілерді тыңдауға үйрету"
Баланың кітапқа деген қызығушылығы кішкентай кезінен қалыптасады. Кітаптағы суреттерді бірге қарау, ертегі тыңдау баланың сөздік қорын молайтып, зейінін, есте сақтауын, қиялын және сөйлеу қабілетін дамытуға көмектеседі. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында да балаларды кітаптағы суреттерді қарауға, таныс кейіпкерлерді тануға және ертегі, әңгімелерді тыңдауға баулу қарастырылған.  
"Тұмаумен қалай ауырмауға болады?" кеңес
12
желтоқсан
2025
"Тұмаумен қалай ауырмауға болады?" кеңес
Тұмау – жұқпалы ауру. Ол жөтелгенде, түшкіргенде және науқас адаммен жақын қарым-қатынаста болғанда жұғуы мүмкін. Сондықтан бала денсаулығын қорғау үшін қарапайым сақтық шараларын күнделікті орындау қажет. Тазалықты сақтау, дұрыс тамақтану, жақсы ұйықтау және таза ауада серуендеу – бала денсаулығын сақтауға көмектеседі.